Жаңа оқу жылы қарсаңында Жарма ауданының Аналар кеңесі «Мектепке жол» атты игі бастама ұйымдастырды.
🎒 Акцияның мақсаты – көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдап, олардың жаңа оқу жылын жақсы жағдайда бастауына мүмкіндік жасау.
Шара барысында оқушыларға оқу құралдары мен қажетті жабдықтар табысталды. Мұндай қайырымды қадам – мейірім мен бірліктің айқын көрінісі. Өйткені білім – әр баланың жарқын болашағына бастар жол.
🤝 Аналар кеңесі барша аудан тұрғындарын өскелең ұрпақты қолдауға және балалар үшін жарқын болашақты бірге құруға шақырады.
