Skip to content

📍 Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Маңғыстау облысы ерекше сый ұсынуда — Абай облысында Достық үйінің құрылысы басталды.

🏗 Семей қаласында құрылыс басталғанын білдіретін капсула салу салтанаты өтті. Іс-шараға Абай облысының әкімі мен Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация қатысты.

🤝 Сонымен қатар, жиында Абай облысының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттарының өкілдері де болды. Бұл оқиғаға ерекше мән берді.

✨ Маңғыстау облысының бастамасы және қолдауы арқылы Абай облысында бой көтеретін болашақ Достық үйі — өңірлердің бірлігі мен достығының жарқын нышанына, этносаралық татулықты нығайту, мәдени бастамаларды дамыту және біртұтас қазақстандық халықтың бай мұрасын сақтау орталығына айналмақ.

Бөлісу/Поделиться: