Осы атаулы жыл аясында Ассамблея жастары «Жасыл ел» жастар қозғалысының өкілдерімен және Зеленострой коммуналдық қызмет мекемесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
🌿 Кездесу барысында еңбекке деген көзқарас, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орны мен маңызы, сондай-ақ жастардың туған өлкеге қосып жатқан үлесі кеңінен талқыланды.
🤝 Мұндай кездесулер жастар арасында еңбекке деген құрметті қалыптастырып, буындар арасындағы байланысты нығайтып, сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандырады.
