Абай облысы «Қоғамдық келісім» КММ базасында «Жемқорлыққа қарсы қоғам» атты диалог алаңы өтті. Диалог алаңына этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғамдық институттар өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты.
Кездесудің мақсаты профилактикалық жұмысты насихаттау, қоғамның түрлі топтарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар негізінде құқықтық мәліметтерді ұсыну болып табылады.
Спикерлер ретінде Әлихан Бөкейхан университетінің Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.Бақтыбеков, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Абай облыстық филиалының жетекшісі О.Шарипбаев, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК директоры О.Сартаев, Абай облысы бойынша Халықаралық құқық қорғау орталығы филиалының жетекшісі, жаттықтырушы-медиатор М.Шапиев.






