Skip to content

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Folk&Art» халықтық және заманауи өнер фестивалі мен жастарға арналған мотивациялық тренинг өтті. Бұл маңызды шара дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және қоғам өміріне үлес қосуға ұмтылатын белсенді, мақсатшыл және талантты жастарды біріктірді.

Фестивальдің басты мақсаты – жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен кәсіби дағдыларды дамыту, үлкен мақсаттарға жетуге ынталандыру, сондай-ақ оларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді қатысуға тарту болды. Іс-шараның маңызды ерекшелігі – мотивациялық тренингтер мен шығармашылық белсенділіктердің үйлесуі, бұл қатысушыларға жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өнердің әртүрлі бағыттарында өзін көрсетуге мүмкіндік берді.

Бұл шара жастармен жұмыс істейтін әртүрлі салалардың өкілдерін біріктірді. Фестиваль бірнеше тақырыптық секцияларды қамтыды:

 • Мотивациялық тренингтер мен мастер-кластар, көшбасшылық, сыни ойлау, креативтілік және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар тәжірибелі спикерлерден пайдалы білім алып, табыс тарихтарынан шабыттанып, өзін-өзі танытудың заманауи әдістерін меңгерді.

 • Дисскусиялық алаңдары, онда жастар саясаты, көшбасшылық және қоғамдық бастамаларға қатысу мәселелері талқыланды. Қатысушылар әлеуметтік ортаны жақсарту жөніндегі өз идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

 • Халықтық және заманауи өнер фестивалі, шынайы шығармашылық платформаға айналды. Оның аясында көркемөнер көрмелері, музыкалық және би қойылымдары, дәстүрлі және заманауи өнер бағыттарын тоғыстырған театрландырылған көрсетілімдер өтті.

«Folk&Art» фестивалі өңір жастары үшін маңызды оқиға болды. Ол әрбір қатысушыға жеке және кәсіби қабілеттерін дамытуға, жаңа таныстар табуға, пікірлес адамдармен байланыс орнатуға және болашақ жетістіктерге шабыт алуға мүмкіндік берді.

Бөлісу/Поделиться: