Жарма ауданының «Жастар ресурстық орталығы» базасында жастардың ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы рөліне арналған көшпелі лекторий өтті. Қатысушылар «Ассамблея жастары» және Студенттік ассамблеяның қызметімен танысты. Спикерлер қоғамдағы нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдық сияқты кеселдермен күресудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Лекторий қызу пікірталас пен достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Сонымен қатар, оларды қоғамдық өмірге белсенді атсалысуға ынталандырды.