Skip to content

Этномедиация бойынша семинар Абай облысының Курчатов қаласында өтті. Семинар спикерлері ретінде Этномедиация орталығының төрағасы Қуаныш Панарбекұлы мен Абай облысы  «Қоғамдық келісім» КММ директоры Надежда Шарова сөз сөйледі.

       Семинарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

     Қатысушылар қоғамдық келісімді нығайту, этномедиацияның жанжалдардың алдын алудағы рөлі және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың маңыздылығы туралы өзекті мәселелерді талқылады. Спикерлер этномедиация саласындағы өз тәжірибелерімен және тиімді жұмыс құралдарымен бөлісті. Диалог алаңы конструктивті жағдайда өтіп, пікір алмасуға және өзекті мәселелерді шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді.

Бөлісу/Поделиться: