«Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара Семей қаласындағы Сеченов көшесі аумағында өтті. Тазалық жұмыстарына 200-ге жуық ерікті жастар мен белсенді азаматтар қатысып, нәтижесінде 100 қап қоқыс шығарылды.
Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығына үлес қосу. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай экологиялық шаралар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
#AbaiAqparat