Қоғамдық келісім базасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға полиция департаменті мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық өзара түсіністікті нығайту және бірлік құндылықтарын насихаттау мәселелері талқыланды. Ашық пікір алмасу форматында өткен шара өзара сыйластық пен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік берді.
Бұл кездесу – бейбітшілік пен келісім жолындағы бірлескен ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды.
#ҚХА30жыл