Skip to content

⚡️ Этномедиацияны дамытуға арналған көшпелі семинар-тренинг өтті.

2025 жылғы 16 шілдеде Жарма ауданында этномедиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Қатысушылар этномедиация әдістерімен, этносаралық ахуалды талдау тәжірибесімен және келісімді нығайтудағы медиатордың рөлімен танысты. Семинар жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау жүйесі, білім беру және медиация өкілдерін біріктірді.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, білім мен дағдыларды жетілдіруге арналған тиімді алаңға айналды. Қатысушылар этномедиацияның қоғам тұрақтылығына қосатын үлесін атап өтті.

Бөлісу/Поделиться: