Фестиваль қатысушылары ұлы қазақ ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлы дүниеге келіп, тұлғалық болмысы қалыптасқан қасиетті мекен — Сырт-Қасқабұлаққа барды. Экскурсия жетекшілері бұл жердің мәдени-тарихи маңызы мен Абай өміріндегі рөлі туралы кеңінен әңгімелеп берді.
🔹 Бағдарлама аясында Абай мұрасы арқылы ұлттық бірегейлік пен этносаралық келісімді дамыту мәселелеріне арналған тарихи танымдық дәріс пен тренинг өтті.
🔹Модератор болып Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Шағжан Исабаев сөз сөйледі.
✨ Бұл кездесу — халықтың бірлігі мен рухани құндылықтарын нығайтудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде есте қалды. #АбайОқулары2025 #СыртҚасқабұлақ #АбайҚұнанбайұлы #ҰлттықБірегейлік #ЭтносаралықКелісім #ҚазақстанХалқыАссамблеясы #АбайОблысы
