Skip to content

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің ресми жабылуы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде өткен қатысушылармен ресми кездесу болды. Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тимур Габдуллович Джумурбаев құттықтау сөз сөйледі. Олар жастарға мәдени мұраны сақтау мен дамыту жолында табыс тілеп, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани бірліктің маңызын атап өтті.

🌿 Бағдарламаның қорытынды бөлімі ретінде «Абай мұрасы – тұлғалық және қоғамдық дамудың жолы» атты мотивациялық тренинг өтті. Оны «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Рустам Қайриев жүргізді. 🏅 Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, олардың белсенділігі мен ұлы Абайдың рухани мұрасына деген құрметі үшін алғыс білдірілді.#АбайОқулары2025 #АссамблеяЖастары #АбайОблысы #АбайМұрасы #МәдениБірлік #Жастар #РуханиМұра

Бөлісу/Поделиться: