Skip to content

🔧 Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 аясындағы нақты қадамдар!

Жарма ауданының «Достық үйі» КММ жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды. Кездесу «Насостық жабдықтар зауыты» ЖШС базасында өтті.

👷‍♂️ Оқушылар өндірістік кәсіпорынның жұмысымен танысып, заманауи станоктар мен технологияларды көріп, инженерлер мен шеберлердің тәжірибесін тыңдады. Кездесу барысында кәсіби бағдар беру, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы және болашақ еңбек жолының мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

💬 Кездесу барысында славян этномәдени бірлестігі «Единство» төрайымы, Жарма аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Татьяна Николаевна Пятькова оқушылармен кездесіп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарды жұмысшы мамандықтарынан қорықпай, батыл таңдау жасауға шақырды.

✅ Мұндай кездесулер оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, еңбекке деген құрметті қалыптастырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға жол ашады.

Бөлісу/Поделиться: