Диалог алаңында жастар мен еңбек адамдары бас қосып, жұмысшы кәсіптердің қоғамдағы орны, олардың болашағы мен жаңа мүмкіндіктері жайлы сөз қозғалды.
🤝 Жастар, ҚХА мүшелері және еңбек адамдары өз тәжірибесімен, идеяларымен және жігерімен бөлісті.
🎤 Спикерлер еңбек — бұл абырой мен тұрақтылықтың, алға жылжудың кепілі екенін атап өтті.
🔹 Қалаға жылу, тазалық пен жайлылық сыйлайтын еңбек иелеріне алғыс білдірілді.
🔹 Колледж студенттері мен жас мамандар жұмысшы кәсіптердің болашағы сенімді екендігін көрсетті.
📌 Бұл кездесу еңбекке құрмет пен жұмысшы мамандықтарын дәріптеу — қоғамның дамуы мен өркендеуіне бастар жол екенін айқындай түсті.
