Skip to content

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында еліміз үшін өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Конституцияның 30 жылдығы аясында қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызы, ҚХА-ның бірлік пен этносаралық татулықты дамытудағы миссиясы, БАҚ-та этносаралық тақырыптарды жариялаудың жаңа тәсілдері, «Шаңырақ» республикалық байқауына қатысу және Ассамблеяның алдағы ақпараттық жұмыс бағыттары жайында сөз қозғалды.

Клуб мүшелері өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салып, БАҚ-та этносаралық тақырыптарды сапалы әрі объективті түрде жариялаудың достық, толеранттылық және өзара құрмет құндылықтарын нығайтудағы ерекше маңызын атап өтті.

Кездесу сындарлы диалог пен ынтымақтастық рухында өтіп, бірлікті нығайту жолындағы тағы бір қадамға айналды.

Бөлісу/Поделиться: