Skip to content

Жасанды интеллект кезеңіндегі ұлттық бірлік және тұрақты даму

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобы, Жас ғалымдар клубы және Журналистер клубының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы талқыланып, жылдам жүріп жатқан цифрлық трансформация жағдайында қоғамдық тұрақтылықты, ұлттық бірлікті күшейту және ақпараттық мәдениетті дамыту бағытында жаңа тетіктер іздеу мәселелері көтерілді.

Спикерлер қатарында ҒСТ төрағасы, топ мүшесі, өңірлік технологиялық кластер Abai IT-Valley директоры, сондай-ақ Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аналитикалық бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі болды.

Әрбір қатысушы жасанды интеллекттің қоғам өмірін жаңғыртудағы рөлі, өңірлерді дамыту әлеуеті және жастардың жаңа цифрлық орта қалыптастырудағы маңызы жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.

Студенттік Ассамблея «Шаңырақ» «AI алаңы» атты танымдық викторина ұйымдастырды. Ал қорытынды пікірталас заманауи технологияларды енгізу және этносаралық өзара түсіністі нығайту бойынша ұсыныстар айтылған ашық диалог алаңына айналды.

Шара соңында Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушісі, «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі Карпичко Тимур «Мен қазақтың баласы» әнін орындап, жиынның мазмұнын ерекше әсермен түйіндеді.

Жасанды интеллект – тұрақты даму, өзара қолдау және ұлттық бірлікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын маңызды құрал.

Бөлісу/Поделиться: