Skip to content

Қостанай қаласында Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы өтті

Қостанай қаласында Студенттік Ассамблеялардың І Республикалық форумы өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер үшін тәжірибе алмасу, идеялар ұсыну және студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Форум барысында қоғамдағы келісімді нығайту, этносаралық өзара түсіністікті арттыру, жастар бастамаларын қолдау және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бүгінде еліміз бойынша патриоттық, әлеуметтік, мәдени және жасампаз жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жастардың белсенді ортасын қалыптастыратын 100-ден астам Студенттік Ассамблея тұрақты жұмыс істейді.

Форум аясында Шәкәрім университетінің «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрайымы Рысбек Айым Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу/Поделиться: