Спикерлер ретінде Мұхтар Күлжан – ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы ҚХА Хатшылығының инспекторы, Әсел Артакшинова – «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары сөз сөйледі.
Сарапшылар этносаралық тақырыптарды жариялаудағы дұрыс тәсілдер, қазіргі медиакеңістіктегі сын-қатерлер және БАҚ-қа деген сенімді нығайту туралы айтты. Сондай-ақ объективті ақпараттық кеңістік қалыптастырудың және қоғамдық келісімге ықпал етудің маңызы талқыланды.
Тренингке қатысушылар – ҚХА Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ редакторлары мен өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары – тақырыптың өзектілігін және цифрлық трансформация жағдайында кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігін атап өтті.

