Отырыста этномедиация орталықтары мен кеңестері жұмысының тиімділігін одан әрі жетілдіру бағыттары талқыланды. Әсіресе өңірлерде инциденттердің алдын алу, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту бойынша практикалық кейстерге басымдық берілді.
Этномедиация құралдарын жүйелі түрде дамыту, сондай-ақ этномедиаторлар мен ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары өкілдерінің өзекті мәселелерді шешу ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар «ҚХА Академиясында» этномедиация саласы бойынша таратылған жаңа білім мен тәжірибені өңірлердегі әріптестерге жеткізу арқылы жергілікті деңгейдегі жұмыстың тиімділігін арттыру тапсырылды.

