Skip to content

Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында!» жастар форумы өтіп, жыл бойы белсенді жұмысымен көзге түскен жас азаматтар марапатталды.

Форум аясында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы бойынша үздіктер анықталды.

«Үздік жас волонтер» аталымында Айым Рысбек Қайратқызы – «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық өкілдігінің мүшесі жеңімпаз атанды.

Айым Қайратқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы істеріне сәттілік тілейміз.✨

Бөлісу/Поделиться: