Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі 2024» республикалық жобасының аясында Астана қаласында этномәдени бірлестіктерге, «Ассамблея жастары» РҚБ жастарына, белсенділер мен блогерлерге арналған интенсив оқытуына Абай облысының белсенді жастары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, «OzgeЕpic» шығармашылық хабының негізін қалаушы М. Қ. Жұмабай, ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы, «Ұлттық дельфий комитеті» КҚ төрағасы Қ.А. Түспекова, UBES HIGH SCHOOL оқытушы-тренері Қ. Л. Асқарова, «Халықаралық құзыреттілік академиясы» ЖШС директоры, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті Л. Ө. Асылбекова және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры Ә. Т. Абжақов сияқты білікті мамандардың тренингтеріне қатысты.
Қатысушылар ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілхановпен кездесіп, іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды.









