Кездесу барысында толеранттылық пен мәдени әртүрлілікті құрметтеу, жастардың белсенділігін арттыру және этномедиацияның болашағы жөнінде мәселелер талқыланды. #ҚХА30жыл
Кездесу барысында ел бірлігі мен келісімін нығайту, Ассамблеяның 30 жылдағы жетістіктері және бейбітшілік пен келісім құндылықтарының жастарға берілу маңызы талқыланды. #ҚХА30жыл
Қатысушылар түрлі этнос өкілдерінің тұрмыстық заттарын, киімдерін, музыкалық аспаптарын және ұлттық тағамдарын сурет арқылы танып, өз білімдерін сынап көрді. Шара соңында белсенділік танытқан жастарға естелік сыйлықтар табысталды. #ҚХА30жыл