Ұлттық домбыра күніне орай «Жомарт жан» орталығының өкілдері Семей қаласындағы перинаталдық орталыққа барып, сәбилі болған ананы құттықтады. Олар жылы лебіздерін білдіріп, жаңа туған нәрестеге «Жомарт жан» орталығының логотипі бейнеленген домбыраны табыс етті.