Skip to content

Жаналықтар

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің ресми жабылуы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде өткен қатысушылармен ресми кездесу болды. Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тимур Габдуллович Джумурбаев құттықтау сөз сөйледі. Олар жастарға мәдени мұраны сақтау мен дамыту жолында табыс тілеп, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани бірліктің маңызын… ары қарай оқу »✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің ресми жабылуы

Бөлісу/Поделиться:

✨ Абай оқулары – 2025 | Финалдық аялдама — Жидебай

Фестиваль бағытының шоқтығы биік, жүрекке ең жақын аялдамасы — Жидебай. Бұл мекен — тек тарих куәсі емес, рухани биікке бастар киелі орын. Мұнда Абайдың музей-үйі мен Шәкәрімнің қонысы орналасқан. 📖 Қатысушылар ұлы тұлғалардың өмір сүрген мекендерін аралап, әр кірпішінен рухты, әр бөлмесінен тарихты сезінді. Абайдың өлеңдерінен нәр алып, Шәкәрімнің ойларымен… ары қарай оқу »✨ Абай оқулары – 2025 | Финалдық аялдама — Жидебай

Бөлісу/Поделиться:

🌿 «Абай оқулары – 2025» фестивалінің төртінші аялдамасы — Еңлік — Кебек кесенесі

Фестиваль аясында қатысушылар Шыңғыстаудың жүрегінде орналасқан қасиетті орын — Еңлік – Кебек кесенесіне барды. Мұнда қатысушылар махаббат пен еркіндік жолында құрбан болған қос ғашықтың тағдырына арналған әдеби-музыкалық композицияны тамашалады.  Еңлік пен Кебек — дәстүр мен сезімнің қақтығысы, махаббат пен ар-намыстың мәңгілік символы. Қатысушылар бұл сәтте тек көрермен емес, жүрегімен сезінген,… ары қарай оқу »🌿 «Абай оқулары – 2025» фестивалінің төртінші аялдамасы — Еңлік — Кебек кесенесі

Бөлісу/Поделиться:

🌿 «Абай оқулары – 2025» фестивалінің үшінші аялдамасы — Сырт-Қасқабұлақ

Фестиваль қатысушылары ұлы қазақ ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлы дүниеге келіп, тұлғалық болмысы қалыптасқан қасиетті мекен — Сырт-Қасқабұлаққа барды. Экскурсия жетекшілері бұл жердің мәдени-тарихи маңызы мен Абай өміріндегі рөлі туралы кеңінен әңгімелеп берді. 🔹 Бағдарлама аясында Абай мұрасы арқылы ұлттық бірегейлік пен этносаралық келісімді дамыту мәселелеріне арналған тарихи танымдық дәріс… ары қарай оқу »🌿 «Абай оқулары – 2025» фестивалінің үшінші аялдамасы — Сырт-Қасқабұлақ

Бөлісу/Поделиться:

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің екінші аялдамасы — Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі!

✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің екінші аялдамасы — Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі! Қатысушылар ұлы жазушының кіндік қаны тамған қасиетті шаңырағына барып, қазақ руханияты мен әдебиетінің терең қабаттарына бойлады.Киіз үй жанында ұйымдастырылған дастарханнан дәм татып, дәстүрлі қонақжайлықтың шынайы үлгісіне куә болды.🕰 Экскурсия барысында олар Мұхтар Әуезовтің өмір жолы, шығармашылық мұрасы… ары қарай оқу »✨ «Абай оқулары – 2025» фестивалінің екінші аялдамасы — Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі!

Бөлісу/Поделиться:

🌅 2-күн | Абай оқулары – 2025

Фестивальдің екінші күні рухани тереңдікке толы сапармен басталды — Жидебайға жол тарттық.📍 Алғашқы аялдама — Күшікбай батыр ескерткіші.Қатысушылар ерлік пен елдікке толы тарихқа үңіліп, экскурсия жетекшісінің баяндауымен батыр өмірі мен өнегесін тыңдады. Экскурсияға «Ассамблея Жастары» РҚБ жетекшісі Джумарбаев Тимур Ғабдулұлы да қатысты.Ескерткіш басында ақсақал бата беріп, жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін… ары қарай оқу »🌅 2-күн | Абай оқулары – 2025

Бөлісу/Поделиться:

✨ Абай оқулары – 2025 жарқын бастау алды!

Бүгін Абай облысының «Ассамблея жастары» ұйымдастырған «Абай оқулары» фестивалінің алғашқы күні өтті.📍 Қатысушылар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барып, интерактивті музейлік квизге қатысты.Бұл — ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына жаңа қырынан үңілуге мүмкіндік беріп, өткеннің рухын терең сезінуге жағдай жасады.Олар Абай ізімен жүріп, оның мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыра… ары қарай оқу »✨ Абай оқулары – 2025 жарқын бастау алды!

Бөлісу/Поделиться: